11:54 Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
11:51 Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 мамырда Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
11:40 Батыс Қазақстанда Новопавловка ауылы Құмақсай деп қайта аталды ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданының Новопавловка ауылына Құмақсай атауы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11:19 ҚМГ: Өзенмұнайгазды тексеру жұмысы аяқталуға жақын АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңаөзендегі арнайы жұмыс тобы әлі де жұмыс істеп жатыр. Топ мүшелері мұнай сервис кәсіпорындарын тексеріп, қаланың еңбек ұжымдарымен және кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізеді, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі.
11:12 Астанадан 2500 қорап темекіні Еуропа елдеріне заңсыз өткізбек болғандар ұсталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамыр айында елордалық кеден қызметкерлері темекі өнімдерін Еуропа елдеріне заңсыз әкету схемасын тоқтатты. Бұл туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.
11:02 Елордадағы тұрғын үйлерге қашан су жеткілікті мөлшерде беріледі – Жеңіс Қасымбектің жауабы АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қашаннан бастап тұрғын үйлерге су қалыпты мөлшерде берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10:51 Алматы ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру тендерін қытайлық консорциум жеңіп алды АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру тендерін қытайлық консорциум жеңіп алды. Ашық халықаралық тендер былтыр қазанда жарияланды. Ол Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) талаптары бойынша екі кезеңнен өткізілді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының ресми Telegram-каналцна жазылған.
09:12 СҚО-да көкшетаулық тұрғын лицензиясы жоқ мың литрге жуық спиртті сатпақ болды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер заңсыз сауданың жолын кесіп, сапасы белгісіз 945 литр спиртті айналымнан алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08:05 Әлихан Смайылов «Алтын Орда» базарында анықталған барлық заң бұзушылықтарды жоюды талап етті АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен, орталық мемлекеттік органдар, Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдіктері, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшылары қатысқан кеңесте республикадағы ірі сауда орны «Алтын Орда» базары жұмысының өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
07:40 Өскеменде жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен оқушыны көлік қағып кетті ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02:35 Риддер жылу орталығындағы жөндеу жұмыстары күн сайын үш ауысыммен үздіксіз жүргізілмек ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары күн сайын үш ауысыммен үздіксіз жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01:40 Ақмола облысында биыл 4597 түлек мектеп бітіреді КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 135642 оқушы оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 4597 түлек 11-сыныпты бітіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01:21 «Қайрат» футзал командасына бас бапкер тағайындалды АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» футзал командасына бас бапкер қызметіне испаниялық маман Марлон Веласко тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
00:32 Алматы мектептерінде буллингтің алдын алу үшін QR-кодтар орнатылды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы прокуратурасының бастамасымен кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында пилоттық режимде «Сенім бұрышы» атты интернет-ресурс іске қосылды. Оның QR-коды орта білім беретін отыз мектепке қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 23:48 «Саламатты Қазақстан» пойызы Алтай бекетіне тоқтады ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай бекетіне тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 23:06 Оралда көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігіт көз жұмды ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 22:56 Ғасырлық тарихы бар Явленка стансасы Дүниежүзілік метеорология ұйымының тізіміне енді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ғасырлық тарихы бар Явленка метеостансасы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның тізіміне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 22:42 Ақтөбеде скутер тізгіндеген 16 жасар бозбала жол апатынан көз жұмды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде скутер жүргізіп келе жатқан кәмелетке толмаған бала жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
кеше 22:38 Астанада осы жазда жаңа ауыз су стансасы іске қосылып, су қысымы қалпына келеді - әкім АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы ауыз су проблемасына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
кеше 22:36 ШҚО архивінен саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлы 2,5 мың іс қаралды ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының архивтерінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2 мыңнан астам іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.